RU
Жанар Дұғалова Ержан Максим жайлы: Жемқорлықтың құрбаны болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Дұғалова Ержан Максим жайлы: Жемқорлықтың құрбаны болды

Рассказать Вконтакте

Жанар Дұғалова ресейлік "Голос дети" музыкалық байқауында екінші орын алған қазақ баласына қатысты өз пікірін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әншінің Ержан Максимнің жемқорлықтың құрбаны болғанына күйінді. Бұл жайында Жанар Дұғалова Instagram парақшасында жазған.

"Финалды көрген әрбір құлағы, көзі, талғамы мен музыкалық түсінігі бар адам бұл қандай әділетсіз мәре болғанын көріп отыр. Біздің Ержан өте лайықты өнер көрсетсе де, өкінішке қарай жемқорлықтың құрбаны болды.
Біздің заманда өнерге осынша кір келтіргені өте өкінішті. Ержан, сағың сынбасын! Сен нағыз жеңімпазсың", - деп жазды Жанар Дұғалова.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалдық кезеңіне дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel