RU
"Оны таңдайды деп ойламадық": Алсудың өкілі даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Оны таңдайды деп ойламадық": Алсудың өкілі даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Алсудың өкілі музыкалық жобаның финалында орын алған даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Нина Пономарева әншінің қызы шын мәнінде жеңіске қалай жеткенін айтып берді деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ресейлік әншінің өкілі дауыс беру кезінде қандай да бір заңсыз әрекеттердің орын алғанын жоққа шығарды. Ол Микелла Абрамованың жеңіске әділ түрде жеткенін айтты.

"Микелла не үшін кінәлі? Дарынды болғаны үшін бе? Неге талантпен қатар ақшаның болуы, бірден бәрін сатып алған дегенді білдіру керек? Біздің жағдайда: жоқ. Байқасаңыздар біз финалдық әнді дайындаған да жоқпыз. Себебі, халық оны таңдайды деп ойламадық" , - дейді Пономарева.

Әншінің баспасөз хатшысының сөзінше, Микелла бұл байқауға қатысуды бес жасынан бастап армандаған.

Оған қоса, Пономарева Алсуға қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel