Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетіме басады": Жүкті болып тұрмысқа шыққан келіншек көрген қорлығын айтты

Опубликовано:

Бір жыл бұрын аяғы ауыр болып тұрмысқа шыққан келіншек бүгінде қайын атасынан қорлық көріп жүр. 20 жастағы аруды жұбайының әке-шешесі тек жүкті болғаны үшін ғана қабылдаған екен. Бүгінде бала күтімімен отырған әйел тұрмысқа шығарда күйеуінің басында несие бар екенін де білмеген көрінеді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: forskning.no
Көрнекі фото: forskning.no: Twitter

Келіншек ақшаның жетіспеушілігінен үйде күнде ұрыс болатынын айтады.

"Үйде сол несиенің кесірінен күнде айқай-шу. Атам күйеуіме жынданып, неше түрлі сөздер айтады. Енді маған баланы ал да, өзіңнің үйіңе бар деп отыр. Күйеуің адам болмайды дейді. Əрине, ата-енеме де қиын, оларды жамандамаймын. Кішкентайынан баққан балалары өскенде бір пайдаларын тигізбесе, бəріміз сөйтіп жынданамыз. Атамды аяймын. Өзім жұмысқа шығып көмектесейін десем, баламды қалдыра алмаймын, енем бақпайды", - деді ол.

Әйел адамның сөзінше, қазір қайын атасы аяғы ауыр болып келгенін келінінің бетіне баса береді екен.

"Басым қатып кетті. Куйеуім екеуміз ұрсысып қалсақ, атам жүкті болып үйленгенімізді бетімізге басады. Неге келін болдың маған деп сөйлейді. Маған бұл қатты тиеді. Баламды аяймын, болашағы не болады? Əкесі жүріс жасайды, басы несиеде. Бар тапқанын несиеге төлейді. Қазір баламның ақшасына күн көріп отырмыз. Ол да бір айдан соң бітеді", - дейді келіншек.

Амалы таусылған әйел адам үйден кетіп қалуды жоспарлап жүр. Ол жұбайы осылай жөнге келеді деп ойлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791561-betime-basady-zkti-bolyp-trmyska-sykkan-kelinsek-krgen-korlygyn-ajtty/

pixel