Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Максим: Бірінші орын алмағаным жақсы болды

Опубликовано:

"Голос.Дети" байқауында екінші орын алған Ержан Максим аталмыш жобаға қатысты өз пікірін білдірді. Жас әнші бас жүлде алмағаны үшін ешкімге өкпелемейтінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Facebook

Танымал музыкалық жобада жұлдызы жанған Ержан Максим күні бүгін Қазақстанға оралды. Онымен бірінші болып, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы кездескен.

"Ержан үлкен музыкалық байқаудан екінші орынды қанжылап оралды. Бұған дейін де ол жас таланттар конкурмтарына қатысып жүрді. Бірақ ақтық сынға шыға алмайтын еді. Тіпті, оның финалға өтті десе қуанатындай болғанбыз. Ал енді, көріп тұрғандарыңыздай Ержан суперфиналға шықты. Сансыз мықтылар арасынан екінші орын алып, үлкен жетістікке жетті", - дейді министр.
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Twitter

Министр Ержан Максимге су жаңа IPad mini планшетін сыйға тартып, оның шығармашалығына табыс тіледі.

Кездесу барысында жас таланат байқаудың финалында орын алған дауға қатысты өз пікірін білдірді. Ол ешкімге өкпесі жоқ екенін жеткізді. Керісінше, Ержан жобаның дәл осылай аяқталғанына риза болып шықты.

"Жоқ, бірінші орын алмағаным үшін ешкімге өкпелемеймін. Бір жағынан, бірінші орын алмағаным да жақсы болды. Егер мен байқауда бірінші орын алсам, бәрі мені құттықтайтын еді. Енді екінші орын алсам да, әртістер танып, әлеуметтік желіде оқырмандарым көбейді", - деді Ержан.

Ол байқау соңына дейін қолдау көрсетіп, аянбай дауыс берген барша отандастарына алғысын білдірді.

"Голос. Дети" байқауынан соң көп нәрсе өзгерді. Бұрын мені Орал халқы ғана білетін. Енді Қазақстанның жартысы таниды деп ойлаймын. Instagram желісіндегі оқырмандарым да көбейе түсті. Осылай қолдау білдіргендеріңіз үшін сіздерге рақмет айтамын. Менің ойымша, "Голос. Дети" байқауы әділ өтті", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791573-erzan-maksim-birinsi-oryn-almaganym-zaksy-boldy/

pixel