RU
Пасха мерекесінде шіркеуде шам жаққан Ақтөбенің қос әкімі қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Пасха мерекесінде шіркеуде шам жаққан Ақтөбенің қос әкімі қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Желіде Ақтөбедегі шіркеуге барып шам жаққан облыс әкімі мен қала әкімінің суреті тарады. Діни рәсім кезінде түсірілген сурет әлеуметтік желілерде, әкімдіктің желідегі парақшасында пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Ілияс Испанов православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтау үшін қаладағы Свято-Никольский шіркеуін барған.

Алайда жұрттың назары шам жаққан әкімдердің суретіне түскен. Желідегілер қос басшысының бұл әрекетін желіде қызу талқыға салған.

"Мұсылман емессіз бе? Өздеріне жаққызса болар еді. Құттықтауыңды түсінемін, рәсімдерін өз қолыңмен жасауға неге бардың?", "Шам жаққаны болмаған", "Енді бұл әкімдерге кәлиманы қайта айту керек болды", деген сынды пікірлерін қарша жаудырған.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдері де өзін мұсылманмын деп санаған адамның өзге діннің рәсімдерін жасағаны құпталмайтынын жеткізді.

"Қазір провасластарда Пасха мерекесі өтіп жатыр. Олар жексенбі күні шіркеуге барып шам жағып, дұға оқиды. Бұл олардың діни рәсімі. Егер ол адам христиан болса, бұл діни рәсімдерді атқара береді. Оған ешқандай қарсылық жоқ. Өзін мұсылманмын деп санаған адам басқа діннің рәсімдерін жасауы дұрыс емес.
Мұсылмандардың өзіне тән діни рәсімдері, дұғалары бар. Мұсылман адам мешітке келіп намаз оқып, қолын көтеріп дұға жасау арқылы мінәжат етеді. Сондықтан әр дін өкілі өз дініне тән діни рәсімдерді жасауы керек. Білместікпен жасаған жағдайда Алладан кешірім сұралады. Алла кешіруші. Болашақта басқа дін өкілдеріне тән діни рәсімдерден сақтану керек", - дейді ҚМДБ Пәтуа бөлімінің маманы Хасан Аманқұлов.
Сіздің реакцияңыз
28
2
8
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel