RU
Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов қазақ тілінен емтихан тапсырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов қазақ тілінен емтихан тапсырды

Рассказать Вконтакте

Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов қазақ тілінен емтихан тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Емтихан үш кезеңнен тұрды. Ол жазу жұмысын өте жақсы жазды. Тамаша оқыды. Еркін тақырыпта өте жақсы сөйледі", - деді лингвистикалық комиссия мүшесі Мырзатай Жолдасбеков.

Өз кезегінде, Қосанов емтиханның қызық өткенін айтты. Cаясаткердің сөзінше, комиссия мүшелері оның мемлекеттік тілді білуіне күмән келтірмеген.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан ұсынылған Әміржан Қосанов өз құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына 27 сәуір күні тапсырды.

Осылайша, қазіргі уақытта қазақ тілін еркін меңгергенін жеті кандидат- Садыбек Түгел, Қасым-Жомарт Тоқаев, Дания Еспаева, Амангелді Таспихов пен Төлеутай Рахымбеков, сондай-ақ, Жамбыл Ахметбеков пен Әміржан Қосанов растады.

Жалпы Орталық сайлау комиссиясына тоғыз үміткердің құжаты келіп түскен. Алайда, кандидаттардың бірі Талғат Ерғалиев президенттік сайлауға қатысудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel