Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спасибо деп қалдым": Ержан Максимге Димаш "қазақша сөйле" деп ескерту жасаған

Опубликовано:

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейдің  "Голос. Дети" байқауына қатысқан Ержан Максимді қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жас талант "Голос. Дети" байқауынан соң танымал әнші Димаш Құдайбергеннің өзін құттықтағанын атап өтті.

"Димаш ағамдай болсам деймін. Ол кісіге рахмет айтамын. Алла Пугачевамен кездесерде Димаш аға видео қоңыраумен хабарласып, жылы лебізін білдірді. Ресейде "спасибо" деп айтып, үйреніп қалыппын. Димаш ағам маған "қазақша сөйле" деп ескертті", - дейді Ержан Максим.

Айта кетейік, кездесу барысында жас әнші тегінің неге "Максим" екенін көпшілікке түсіндірді.

Ержанның айтуынша, оның атасының есімі - Мақсым болған. Алайда құжатта Максим болып жазылып кетіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалдық кезеңіне дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791591-spasibo-dep-kaldym-erzan-maksimge-dimas-kazaksa-sjle-dep-eskertu-zasagan/

pixel