RU
"Пугачеваны шешіндірмейді": Өнер иелері Мұрат Құсайыновты жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Пугачеваны шешіндірмейді": Өнер иелері Мұрат Құсайыновты жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын әуежай қызметкеріне қол көтеріп, басы дауға қалған Мұрат Құсайыновқа өнердегі әріптестері қолдау көрсетті деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова, Мұрат Құсайынов, Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақпал Жүнісова, Мұрат Құсайынов, Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақпал Жүнісова мұндай келеңсіз жайттардың басынан бірнеше рет өткенін де жасырмай айтып берді.

"Ондай кезде біз сабырлылық танытуымыз мүмкін. Ал ер адамдарда мінез болу керек қой. Айтқан шығар. Ана қыз сапсаң-сапсаң етіп... Қазір деген ағаларына жол бермей қағып өтетін қыздар көп қой. Сондай бір қыз шығар.

Енді Мұрат Құсайыновты танып тұр. Не болды сонша соған шүйлігіп?! Әкесіндей адам... Кішкене сыйлап, "аға сәлеметсіз бе?" десе, "жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады" дейді.

Бортсеріктің талайын көріп жүрмін. Ол менің басымнан да өткен. Мені ұшаққа отырғызбай қойған кездер де болды. Біз ұшаққа жарылғыш алып бармаймыз ғой. Өмір сүргіміз келеді.

Олар танып тұрса да, танымағансып, "енді қайтейін, анау болса не істейін" деген көкіректі қою керек. Адамды сыйлай білген жөн.
Пугачева келген кезде сөйтіп шешіндіре ме бізде? Өлсе де шешіндірмейді. Қызыл кілемді төсейді де, лимузинға салып алып кетеді. Бәріне заң бірдей болуы керек", - дейді халық әртісі.

Ал "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбеков Құсайыновтай тұлғаларды құрметтеу керектігін айтты.

"Қол көтерді дегенге сенбеймін. Аяқ киіміңді, белдігіңді шеш деп айтатындай емес. Ол кісі таниды ғой, сыйластық болу керек.

Ол кісі қылмыскер емес, мәдениеттің төрінде жүрген адам болғаннан кейін сыйластықпен жібере салу - қазақшылық. Біздің қазіргі жастарға жетіспейтіні - үлкенді құрметтеу.

Мейлі, қай жерде болса да. Ол кісіні жібере салу керек еді. Қатты ашуланып кеткен жағдайы да бар. Ол кісіні жақсы түсінем. Көпшіліктің алдында аяқ киімін, белдігін шештірген. Енді дұрыс емес. Ондай кісілерді құрметтеу керек", - дейді Айдар.

Мұрат Құсайыновтың әрекетін дұрыс деп есептейтіндердің бірі - Мирас пен Құралай. Өнер иелерінің айтуынша, мұндай жайттар танымал тұлғалардың басынан жиі өтіп тұрады.

"Өнерде жүрген соң ондай нәрсе көпшілікке тез тарап кетті. Біреу шаршап келе жатуы мүмкін. Қатты сөйлеп қалса, ол үлкен нәрсе жасағандай болып естіліп, көрініп жатады", - дейді Мирас пен Құралай.

Естеріңізге сала кетейік, "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.

Артынша әншінің өзі бұл дауға қатысты пікір білдіріп, өз шындығын айтты.

Сондай-ақ өнер әлемінің майталмандары да Мұрат Құсайыновтың бұл ісіне қатысты өз пікірлерін білдірген болатын.

Айта кетейік, бұл даулы іске мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да пікір білдіріп, жанжалдың екі жағы болатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
3
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel