Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Мемлекетті өзге ұлттармен бірлесіп дамытуымыз керек

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА сессия барысында православ христиандарын Пасха мерекесімен, ал мұсылмандарды келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ол Қазақстанда тұрып жатқан барша ұлтты біртұтас деп атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: by.mir24.tv
Фото: by.mir24.tv: UGC
"Біз мықты әрі жауапкершілігі мол біртұтас халықпыз. Дәл осылай ой мен мінез-құлық бейнесін өзгерту керек. Тәуелсіздігімізге 27 жыл болды. Біз Қазақстанды бірге тұрғызып келеміз. Жеткен жетістігіміздің бәрі - біздің ортақ ісіміздің нәтижесі.

Біз тұтаспыз. Менің атам, әкем мен ұлым осында дүниеге келсе, мен қазақстандық болмағанда кім болдым?

Сол себепті, біз жаңғыру, рухани түсінік туралы сөз қозғағанда, біртұтас екенімізді, бір отанымыздың барын, осы жерде өмір сүріп, бала тәрбиелейтінімізді меңзейміз. Осы мемлекетті де бірлесіп дамытуымыз керек", - деді Назарбаев "Рухани Жаңғыру" жобасы туралы.

Назарбаев провослав христиандарын Пасха мерекесімен, ал мұсылмандарды келе жатқан Рамазан айымен құттықтады:

"Провослав христандарды, барша қазақстандықтарды келіп жеткен Пасха Христова мерекесімен, ал барша мұсылмандарды келесі айдың басында басталатын қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791620-nazarbaev-memleketti-zge-lttarmen-birlesip-damytuymyz-kerek/

pixel