RU
"Бәрі өзгереді": Назарбаев президент қызметінен неге кеткенін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Бәрі өзгереді": Назарбаев президент қызметінен неге кеткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті қызметінен неге кеткенін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: assembly.kz

Фото: assembly.kz

"Мен бұл қадамды одан әрі тұрақты даму және биліктегі тыныштықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, басшылардың жаңа буынына аяққа тұрып, істі одан әрі жүргізуге көмектесу үшін жасадым.

Бұл қадамды әлемнің көптеген елдерінің көшбасшылары түсініп, қолдады. Мен осыған байланысты елде өкініш пен алаңдаушылық болғанын білемін.

Бәріміз білеміз, достарым, уақыт бір орында тұрмайды, бәрі өзгереді және біз де өзгеруіміз керек", - деп мәлімдеді Назарбаев ҚХА сессиясында.

Ол бұл шешімді ұзақ ойланған соң қабылдағанын айтты. Сондай-ақ, Елбасы аталған мәселеге қатысты ешкімде күмән тумағанын қалайтынын жеткізді.

Назарбаев халыққа шексіз риза екенін айтып, барлық сайлаудағы қолдаулары үшін алғыс білдірді.

"Мен біздің халқымызға, соның ішінде барлық жылдар бойы мені толық қолдаған ҚХА – ның мүшелеріне – өткен алты бүкілхалықтық Президент сайлауында және Парламенттің бір сайлауында-яғни, жеті рет мені және бағытты таңдағаны үшін алғыс білдіремін.
Көшбасшы мен халық бірге болса, кез келген асуды бағындыруға болады", -деді Тұңғыш президент.

Елбасы қазақстандықтарды 9 маусымда өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel