RU
Жігер Ауыпбаев концерттегі әнін кесіп тастаған "Меломенге" өкпесін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жігер Ауыпбаев концерттегі әнін кесіп тастаған "Меломенге" өкпесін айтты

Рассказать Вконтакте

Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобының кешінде ән орындап, оны бұрынғы әріптестерінің эфирде кесіп тастағанын ашып айтты. Жігер Ауыпбаевты он жылдық концертке арнайы қонақ ретінде шақырған топ жігіттері кештің телевизиялық нұсқасында әншінің өнер көрсеткен тұсын көрсетпеген деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Меломен" тобы, Жігер Ауыпбаев. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Меломен" тобы, Жігер Ауыпбаев. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ал бұрынғы әріптестерінен мұндайды күтпеген Ауыпбаев қапаланғанын жасырмады.

"Өзім іштей қатты қапа болдым. Себебі, он жылдық кеші деп мені қонақ ретінде шақырды. Мен "осымен арамыз жақсы болады" деп қуанып бардым.

Бәрі әдемі болған. Бірақ концерттің кезінде жігіттерге "Мүмкін басқа ән айтармыз" деп айттым.

Алайда олар шешіп қойған екен. Осыдан кейін мен қалып, өзімнің жеке әнімді айтуым керек болды. Ол айтылатын ән - таухид деп аталады. Яғни Алланың бірлігі деген.

Ондай бір үлкен, жеке шығармашылық кештің ортасында айтылатын ән емес еді. Бәлкім, соңына таман айтуға болушы ма еді. Әдемі көтеріліп келе жатқан концерттің ортасында халықтың шулап отырғаны түсіп қалды.

Өйткені, әннің мысы өте басым. Себебі бұл әнді Жарылқасын ағаның кешінде айтқан кезде, бізді кесіп алып тастаған екен. "Басқа ән айтайық" дегенде, жігіттердің көңілі бұрмады.

"Жарайды. Сіздердің кештеріңіз. Мен ештеңе айта алмаймын" деді. Бірақ, мен таухидті айтып болғаннан кейін, мен қандай ән айта аламын? Мен секеңдеп махаббат туралы ән айта алмаймын.

Өйткені ол әннің жолы да, салмағы да өте ауыр. Сөйтіп, амалдың жоғынан домбырамен терме айттым. Өзімнің айтқанымда тұрып алсам болушы еді. Бірақ жігіттерге деген құрметім болды.

Концерттен кесіп алып тастағаны ғана. Енді көкейде қалып қалған ештеңе жоқ. Оларға да қазір пиар керек болған шығар.

Мен бір өзім кеш беріп жатсам, жігіттерді концертіме шақырып отырып, кесіп алып тастап отырсам... Ойлап қарасам, дұрыс нәрсе емес.

Жарайды мен топтан кетіп қалайын. Одан кейін арамыздың жақсы болғанын жігіттер айтты ғой. Дайындықтан суреттер салдық.

Youtube желісіне салған видеоның пікірлерін әдейі оқыдым. Мен ондай пікірлердің болатынын білдім. Жігіттер "телеарна кесіп алып тастады" деп айтады. Бірақ мен ренжімеймін ешқандай. Өздерінің жеке он жылдық кеші ", - деп ағынан жарылды Жігер Ауыпбаев.
Сіздің реакцияңыз
10
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel