RU
Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан әлемде бітімге келтіруші ел ретінде танымал екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Бізге жақын және алыс көршілеріміздің барлығы сенеді. Барлық кездесулер бізде өтеді. Біздің еліміз Таулы Қарабах, Пәкістан, Үндістан, Иран және Сирия, Ресей және Түркия төңірегіндегі шиеленісті төмендетуге үлес қосты. Біз Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты да бейбіт жолмен шешкіміз келеді. Барлық уақытта мен олардың өтініші бойынша қосылып отырамын. Барлық соғыстар, барлық қақтығыстар бейбітшілікпен бітеді және бұл бір кездері аяқталады. Біз бірнеше рет Қырғызстанға да жанжалдардан шығуға көмектестік", - деді Назарбаев.

Елбасы қазақстандық жер өркениет диалогы орнына айналғанын атап өтті.

"2003 жылдан бастап біздің елордамызда барлық әлемдік дәстүрлі діндердің жүздеген өкілдері қатысатын съезд шақырылады. Дәл осы ғимаратта. Әлемде барлығы жиналатын басқа орын жоқ. Әлемде Иранның бас молдасы мен Израильдің раввині қол алысып, амандасатын жер, Алла тағаланың бір екенін, тек барлығымыз әр түрлі жолмен жүретінімізді, алайда әр дінде басқа дінді жақсы көру керектігі айтылғаны туралы сөйлесетін орын жоқ. Құранда "Бір адамды өлтірсең, барлық әлемді, барша адамзатты өлтірдің" дейді. Барлық жерде солай. Міне, осындай әңгімелер тек біздің Қазақстанда айтылады", -деп түсіндірді Елбасы.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel