RU
Сатушы әйел дүкенге шабуылдаған ұрыны атып жіберді

Сатушы әйел дүкенге шабуылдаған ұрыны атып жіберді

Рассказать Вконтакте

Бразиялия тұрғыны Эвандро де Андраде Блуменау қаласындағы дүкендердің біріне баса көктеп кіріп, сатушыға шабуылдаған. 26 жастағы азаматтың тапанша ұстап тұрғанын көрген екінші сатушы еш саспастан жігітті арқасынан атып жіберген деп хабарлайды vesti.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Оқиға 26 сәуір күні орын алған. Қаскөй дүкеннің қақ ортасында тұрған сатушыға жақындап, оған тапаншасын тірей бастаған.

Алайда ол дүкендегі тағы бір сатушыға мән бермепті.

Касса маңында тұрған сатушы әйел тапаншаны алып ұрыны арқасынан атып жіберген.

Кейіннен дүкен қызметкерлері жедел жәрдем шақыртыпты. Дәрігерлер ер азаматтың жағдайын нашар деп бағалауда.

Сіздің реакцияңыз
0
2
4
1
1
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel