Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев: Тоқаев мемлекет басқаруға лайықты

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-сессиясында қазақстандықтарды 9 маусым күні өтетін президенттік сайлауға қатысуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC
"9 маусымға президенттік сайлау белгіленді. Мен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасы ұсындым. Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол - дана мемлекет қайраткері, ел басқаруға лайықты азамат, Қазақстанның нағыз патриоты. Барлық қазақстандықтарды, сіздерді, Ассамблея мүшелерін алдағы сайлауға белсенді қатысуға және біздің бірлігімізді тағы да көрсетуге шақырамын", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, ол Президент өкілеттігін тоқтату туралы өз шешімін түсіндірді.

"Мен елді 30 жыл басқардым. Ал бұл қадамды одан әрі тұрақты даму және биліктегі тыныштықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, басшылардың жаңа буынына аяққа тұрып, істі одан әрі жүргізуге көмектесу үшін жасадым.

Бұл қадамды әлемнің көптеген елдерінің көшбасшылары түсініп, қолдады. Мен осыған байланысты елде өкініш пен алаңдаушылық болғанын білемін. Бәріміз білеміз, достарым, уақыт бір орында тұрмайды, бәрі өзгереді және біз де өзгеруіміз керек.

Бұл дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Сіздердің еш күмәндарыңыз жоқ деп есептеймін. Осы уақытқа дейін маған қолдау білдірген Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне алғыс айтқым келеді", - деп мәлімдеді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791640-elbasy-tokaev-memleket-baskaruga-lajykty/

pixel