Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Қазақтар орыс тілін жақсы көреді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА сессия отырысына қатысты. Спикерлердің бірі, журналист Алла Чечеткина Елбасы алдында таза қазақ тілінде сөз сөйледі. Назарбаев арудың қазақ тілінде қазақтардан да жақсы сөйлейтінін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: assembly.kz, Алла Чечеткина
Фото: assembly.kz, Алла Чечеткина: UGC
"Қазақтар орыс тілін сондай жақсы көреді. Қазақтардың орыс тілінде орыстардан жақсы сөйлегендерін бірнеше рет естігенмін. Қазір Аллаға қарап, оның қазақ тілінде қазақтарға қарағанда жақсы сөйлейтрінін айтқым келеді.

Бұл сөзд өзара түсіністік бар. Сондықтан мінбеден сөз сөйлей отырып, біздің өміріміздің әр түрлі қырлары, барша дүниеге деген әртүрлі түсінігіміз айтылды.

Бірлік, достық, тұрақтылық- біздің саясатымыздың басты ұстанымдары, өміріміздің өркендеуі мен жақсаруына қол жеткізетін негізгі ықпал", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Қазақстанның тілдік саясаты жайлы айта отырып, мемлекетте әртүрлі ұлттың тілдері даму жолында қолдау табатынын сөз етті. Отандық телевизия эфирлері 11 тілде хабар таратады, сонымен қатар, 14 хабар орыс тілінде таралады. Сондай-ақ корей және ұйғыр театрлары да бар.

Бұдан бөлек, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны артып келеді, мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндер үшін курстар ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791641-nazarbaev-kazaktar-orys-tilin-zaksy-kredi/

pixel