RU
Конституция үзіндісі жазылған плакатты көшеге ілген азамат сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Конституция үзіндісі жазылған плакатты көшеге ілген азамат сотталды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Роман Захаров есімді азаматтың Әл-Фараби даңғылында "Мемлекеттік биліктің жалғыз көзі - халық" деген жазуы бар плакатты ілгені үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Анықталғандай, оны полиция қызметкерлері бүгін таңертең құрықтаған екен. Дәл бүгін судья айыпталушыға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Күні бойы әлеуметтік желілерде белсендінің құрықталуы жайлы ақпарат тарады.

Алматылықтар Роман Захаровты қолдау үшін жағдайға бей-жай қарамайтындардың бәрін сотқа келуге шақырды.

Полиция қызметкерлерінің Роман Захаровты таңертең, Конституциядағы 3-баптың 3-тармағы, яғни, «Мемлекеттік биліктің жалғыз көзі - халық» деген сөзі жазылған плакатты даңғыл бойына іліп қойғаны үшін ұсталғаны хабарланды.

Анықталғандай, барлық таратылған ақпарат расталды: полицейлер Роман Захаровты бүгін таңғы 5:40 шамасында құрықтаған.

Күдіктіге үкім шығарған отырыс түстен кейін оңтүстік астананың арнайы ауданаралық әкімшілік сотында өтті.

Эльвира Буханова. Фото: Петр Карандашов / NUR.KZ

Эльвира Буханова. Фото: Петр Карандашов / NUR.KZ

"Оны ҚР ӘҚБтК 434 бабының бірінші бөлімі бойынша бес тәулікке соттады", - деді айыпталушының қорғаушысы Эльвира Буханова.

Захаровтың басқа адвокаты Ерлан Ерболатұлының сөзінше, қорғаушы тараптан сотта әкімшілік қамауға алу мерзімінің бұзылғаны туралы мәлімдеме жасалды.

"Оны таңғы 5:40 шамасында құрықтап, біз оған келмегенше түскі 12-ге дейін ұстап отырды. Содан соң, материалдар мен сауалнамамен танысуға екі сағат кетті.
Ал негізінде әкімшілік ұстау мерзімі үш сағатты құрайды.

Сотта оның тасталған қоқыс үшін ұсталғанын айтты. Полиция қызметкері күдіктіні жерде жатқан бүктелген плакатпен және кейстермен бірге көрген.

Сол себепті оны қоқыс тастады деп айыптаған", - дейді Ерлан Ерболатұлы.
Ерлан Ерболатұлы, Фото: Петр Карандашов / NUR.KZ

Ерлан Ерболатұлы, Фото: Петр Карандашов / NUR.KZ

Қорғаушы тарап апелляциялық шағым дайындауда. Ерболатұлының айтуынша, сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезінде заң бұзушылық туралы адвокаттық өтінішті қабылдамады

"Захаровты құрықтаған полиция қызметкері оның кеуде тұсындағы тіркеушісіне түскен бейнежазбаны көрсеткен жоқ. Біз бұл туралы сотқа мәлімдедік, бірақ біздің өтінішіміз қабылданбады. Шешімге шағымданамыз", - деп түйіндеді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Алматы-2019 марафонындағы екі белсенді плакат үшін айыпталған болатын. Олар 15 тәулікке тұтқындалды.

Кейінірек апелляциялық сот екі тұтқындалушыға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдыруды шешті.

Сіздің реакцияңыз
22
0
1
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel