RU
8 градусқа дейін аяз: Мереке күндері қар жауып, дауыл тұруы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

8 градусқа дейін аяз: Мереке күндері қар жауып, дауыл тұруы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазгидромет алдағы ауа-райына болжам жасады. Мереке қарсаңында елімізде жауын-шашын мен қар жауып, найзағай мен күшті дауыл тұрады деп күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктердің болжамынша, 30 сәуір көптеген аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түсуі мүмкін. Сонымен бірге, бұршақ жауып, қатты жел тұрады деп күтілуде.

Елорда мен Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтанда 30 сәуір күні жаңбыр, қар, найзағай, бұршақ, көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температура түстен кейін 0-2 дейін төмендейді.

Солтүстікте жаңбыр жауып, қар түседі, кей жерлерде күн күркірейді, көктайғақ, боран соғады, дауыл мен бұршақ жауады. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде 8 градус жылы болады.

Елдің батысында және солтүстігінде температура түнде минус 2 градусқа дейін төмендейді, термометр көрсеткіші 7-ден 15 градусқа дейін нөлден жоғары болады.

Қалған облыстарда жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде. Температура 15-25 градус жылы болады.

1 мамыр күні батыс аймақтарда жауын-шашын күтілмейді, күндіз 10, кейбір жерлерде 20 градус нөлден жоғары болады.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында мереке күні жаңбыр жауып, кей жерлерге қар түсіп, тұман мен көктайғақ болады. Түнде сынап бағанасы 7 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 3-11 градус жылы болады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын шашын мен жел соғуы мүмкін. Түнде ауа температурасы 2-10 градус, күндіз 12 - 20 градус жылы болады.

2 мамыр күні еліміздің батыс бөлігінде жауын-шашын болмайды, шығыста жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, жауынмен қатар жел соғады.

Сіздің реакцияңыз
3
4
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel