Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқынышты емес": Ержан Назарбаев пен Тоқаев алдында ән салды (видео)

Опубликовано:

Бүгін елордада өткен ҚХА XXVII сессиясының соңындағы мерекелік концертте «Голос. Дети» шоуының финалисі әрі екінші орын иегері Ержан Максим мен жас талант Данэлия Төлешова Нұрсұлтан назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында ән салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ержан максим
Фото: NUR.KZ: Original

Данэлия ресейлік танымал әнші Полина Гагаринаның «Million Voices» әнін, Ержан Максим Муслим Магомаевтың атақты «О море, море» туындысын орындады.

Концерттен соң Ержан Назарбаев пен Тоқаевтың алдында өнер көрсету мүлде қорқынышты болмағанын алға тартты. Үлкен сахналар мен маңызды аудитория алдында ол ешқашан қобалжымайды екен.

Ержан максим
Фото: NUR.KZ: Original

Ержанның анасының айтуынша, еліміздің бірінші тұлғаларымен ұлының жеке тілдесуі мүмкін болмаған, алайда жас әнші Оралда өткен концерттердің бірінде Елбасының алдында ән салыпты.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық және ресейлік әншілердің әндерін "Музыка Нур" қосымшасында тыңдауға болады>>

Премиум қол жеткізуді Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін алыңыз. Толығырақ>>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791659-korkynysty-emes-erzan-nazarbaev-pen-tokaev-aldynda-n-saldy-video/

pixel