Выйти
RU

Қаратаудағы жантүршігерлік ауыр қылмысты ашуға 5-сынып оқушысы көмектескен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы 8 жасар қыз баланы аса қатыгездікпен өлтірген күдіктіні ұстауға 5-сынып оқушысы көмектескен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрнекі фото: tOrange.biz

Көрнекі фото: tOrange.biz

Облыстық полиция департаменті аса ауыр қылмысты ашуда өзіндік үлесін қосқан Қаратау қаласының тұрғынын және Расул есімді бесінші сынып оқушысын марапаттау үшін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мырзаға ұсыныс білдіргенін атап өтті.

Сонымен қатар департамент басшысы жоғалған қызды іздеу кезінде белсенділік танытқан барлық азаматтарға, соның ішінде балаларға, Аруайдың сыныптастарына алғыс білдіретінін жеткізді.

Сондай-ақ, Оразалиев күдіктінің қылмыстық іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 3 және 14-тармағымен сараланып, 28 сәуірде оған қатысты "қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қазіргі таңда, барлық сараптамалар тағайындалып, жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүрзілуде.

Еске сала кетейік, 24-ші сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы Қаратау қаласында 8 жасар қыз баланың із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды. Ал ертесіне қаланың сырт маңынан белгісіз баланың өртенген денесі табылған болатын.

Полиция департаменті жоғалған оқушының анасы киім қалдықтары оның қызына тиесілі екенін болжағанын мәлімдеген.

27-ші сәуірде оқушы қызды асқан қатызгездікпен өлтірген күдікті тұтқындалды. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қаратаудағы жантүршігерлік ауыр қылмысты ашуға 5-сынып оқушысы көмектескен