RU
Алматыда өзін өлтірмек болып, көпірден секірген қыз аман қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда өзін өлтірмек болып, көпірден секірген қыз аман қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда 29 жастағы қыз көпірден секіріп, өзіне қол салмақ болды. Өлімге бас тіккен ару таңертең жұмысқа асығып, ағылып жатқан көліктердің алдына құлап түскен. Абырой болғанда, бойжеткен тірі қалыпты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Алматыда өзін өлірмек болып, көпірден секірген қыз аман қалды

Көрнекі фото: semey.city

Бейнебақылау камерасына жазылған таспада кей жүргізушілер асфальтта жатқан адамды айналып өтсе, көлігін жолға қойған кейбірі жанұшыра көмекке ұмтылуда.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызды Алматы көпсалалы клинкалық ауруханасына жеткізген. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Полиция бұл оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіпті. Ал денесі бірнеше жерден сынған Алматы облысының тумасы есін енді жия бастаған.

Бірақ дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен науқастың жағдайы әлі де ауыр дейді.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel