Выйти
RU

24 жастағы оралдық жігіт әйелді пышақтап, өзіне қол салған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оралда 24 жастағы жігіт 1989 жылғы әйел адамға пышақ салып, артынша өзіне қол жұмсаған. Қазір ауыр жарақат алған екеуі де ауруханада жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оралда

Көрнекі фото: ru.sputnik.kg

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 26 сәуір күні сағат таңғы 10.00 шамасында болған.

1995 жылғы қала тұрғыны 1989 жылғы азаматшаға пышақ жарақаттарын салыпты. Куәгерлер кейіннен жігіттің де өз өмірімен қош айтыспақ болғанын алға тартты.

Аталған оқиға бойынша Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес (қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, екеуі де өмірге қауіп төндіретін ауыр дене жарақаттарын алған.

«Жағдайлары ауыр, облыстық көпбейінді ауруханада жатыр, ота жасалды», - деді Сақпосынова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
24 жастағы оралдық жігіт әйелді пышақтап, өзіне қол салған