RU
Ресейде 58 млрд рубльдің ұрлануына қатысты Әблязовтің үстінен іс қозғалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ресейде 58 млрд рубльдің ұрлануына қатысты Әблязовтің үстінен іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Ресей сотына БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің 58 млрд рубль (342 млрд теңге) ұрлады деп күдіктелген ісі түсті. Бұл туралы елдің Бас прокуроры Александар Куренной мәлімдеді деп хабарлайды "Прайм" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Әблязов. Фото: theglobaldispatch.com

Мұхтар Әблязов. Фото: theglobaldispatch.com

Ресейлік басылымның айтуынша, қазір банктің бұрынғы басшысы шетелде жасырынып жүр. Бұған дейін ол Қазақстанда бизнес-серіктесін өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған.

РФ Бас прокуратурасында іс бойынша БТА Банкінің бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов, сол банктің басқарма төрағасы Роман Солодченко, сондай-ақ олардың қарамағындағы Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенко өтіп жатқанын нақтылады.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2006-2009 жылдары аталған тұлғалар өздері жұмыс істеген қаржы ұйымынан 58 млрд рубльден астам (342 млрд теңге) қаржы ұрлаған.

Ол үшін зиянкестер қарыз қаражатына сатып алынған жер учаскелерін кепілге қойып несие берген.

Одан кейін қатысушылар ипотека шарттарының қолданылуын заңсыз тоқтатуды ұйымдастырған.

Сондықтан банк айыпталушылар өздігінше пайдаланған кепіл мүлігін өндіріп ала алмаған.

Бұдан басқа, бұрынғы топ-менеджерлер мен олардың бағыныштылары цессия шарттары негізінде олардың бақылауындағы компанияларға бірқатар кредиттер бойынша қаражат талап ету құқығын берген. Нәтижесінде бұл фирмалар банкке тиесілі қаражатты алған.

Қазір іс "Ұйымдасқан топтың аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау арқылы мүлікті ұрлау", "Қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыру", "Ұйымдасқан топтың алдау жолымен аса ірі залал келтіру" сынды бірнеше бап бойынша қаралуда.

Іс Мәскеу облысының Домодедовский қалалық сотына жіберілді. Ол сырттай тәртіпте қаралады.

Сіздің реакцияңыз
17
1
1
2
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel