Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қадіріңді кім білген": Бесбаевтың бала күніндегі суреті көпті сүйсінтті

Опубликовано:

18 жылдық тарихы бар әйгілі "МузАрт" тобының солисі Мейрамбек Бесбаев бала күнінде танымал тұлғалар арасында түскен суретін жариялады. Атақты әншінің "Бозторғай" әнін орындап жүрген кезі көпшілікті сүйсінтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бесбаев бірнеше жыл бұрын түсірілген фотосуретті өзінің Instagram парақшасына жүктеген.

"Қадырыңды кім білген? Беу балалық күндер-ай!", - деп қысқаша жазба қалдырған әнші.

Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Жанар Айжанова сынды танымал әншілердің арасында отырған бала Мейрамбекті желі қолданушылары біден танып қойған.

Олар әншіге жылы лебіздерін білдіріп, Бесбаевтың ұлы өзінен айнымай қалғанын жарыса жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791709-kadiridi-kim-bilgen-besbaevty-bala-knindegi-sureti-kpti-sjsintti/

pixel