RU
Швейцария соты Гүлнара Каримованың қымбат көліктерін сатпайтын болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Швейцария соты Гүлнара Каримованың қымбат көліктерін сатпайтын болды

Рассказать Вконтакте

Гүлнара Каримованың тәркіленген аса қымбат үш көлігінің "тағдыры" шешілді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Гүлнара Каримова. Фото: zimbio.com. Көрнекі фото: carpixel.net, stmed.net, dirigetucarrera.com

Швейцария соты Гүлнара Каримованың қымбат көліктеріне қатысты шешім шығарды

Швейцариялық Le Temps басылымының жазуынша, Каримоваға тиесілі Mercedes-Benz SLR2DR, Bentley Arnage және Range Rover Sport V8 көліктерінің құны 1 миллион франкке (1 млн доллар шамасында) бағаланған екен.

Басылымда Швейцария федералдық қылмыстық соты Гүлнара Каримоваға қатысты маңызды екі шешім шығарғаны жазылған.

Біріншісі, аталған қымбат үш көлік сатылмайтын болған. Бұл көліктер 2013 жылы тәркіленген, бірақ әлі күнге дейін шешім шықпаған. Енді бұл көліктер Гүлнараның 2009 жылы 18 миллион франкке сатып алған вилласында қала береді.

Екіншісі, сот прокурор Патрик Ламонға қарсылық білдірген.

Ламонның былтыр қыркүйек айында Ташкентке құпия түрде барып келгені осыған себеп болыпты.

Ол Швейцарияның бас прокуроры Микаэл Лаубермен бірге Ташкенттің билік өкілдерімен кездескен.

Олар сапардың мақсаты тергеу ісіне байланысты деп жауап бергенімен, сот бұл істің күмән туғызғанын алға тартты.

Айта кетейік, Өзбекстан бас прокуратурасы биыл наурыз айында Каримова жазаны өтеу ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін, үй қамақтан түрмеге ауыстырылғанын мәлімдеген болатын.

2015 жылы Каримоваға қатысты Швеция, Швейцария және АҚШ-та миллиард доллар пара алды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel