RU
Аяғы ауыр күйінде қыз ұзатқан Альбина Шардарова қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аяғы ауыр күйінде қыз ұзатқан Альбина Шардарова қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Айы-күні жетіп отырса да, әлі күнге тойға шығып, қыз ұзатып жүрген Альбина Шардарова желіде қызу талқыға түсті деп жазады KAZNUR.KZ.

Аяғы ауыр әнші өзінің қыз ұзатқан видеосын Instagram парақшасына жүктеген. Алайда Шардарованың бұл әрекетін көпшілік ұнатпай, түрлі пікірді жарыса жазған.

"Алдымен босанып алсайшы", "Ақша ешқайда қашпайды", "Күйеуіңіз асырай алмайды ма", "Бұрын ішіміз шықса, елге көрсетуге ұялып жүретін едік", "Сен баспалдақтан түскенше уайымдап болдым. Құлап қалсаң, қайтесің?", "Өте әдемі ән. Бірақ, балаңды бауырыңа басқанша, қоя тұрсаңшы".

"Көз тиіп кетпесін", "Етегіңді басып, етпетіңнен құлай ма деп қорқып отырдым", "Тойда не болмайды? Сәбиіңе бір кесірі тисе қайтесің?", "Ән де, ақша да ешқайда қашпайды ғой. Сәбиіңді босанғанша үйде болғаның дұрыс".

"Елдің көзі ұзатылған қызда емес, сізде болады ғой. Тіл-көзден аман болыңыз", "Келесіде ұзатылатын қыз баспалдақпен өзі түссін. Сіз төменде тұрыңызшы", "Сіз төменге түскенше, алаңдап біттім", "Балаңызды бауырыңызға басқанша, әнді қоя тұрғаныңыз дұрыс болады", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Альбина Шардарова өткен жылы отандық актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel