RU
Көпірдің үстіне плакат ілген алматылық азамат қамаудан босап шықты
Жаңалықтар Қоғам

Көпірдің үстіне плакат ілген алматылық азамат қамаудан босап шықты

Рассказать Вконтакте

Әл-Фараби даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер көпіріне Қазақстан Конституциясынан цитата іліп 5 күнге қамауға алынған Роман Захаровтың жазасын аппеляциялық инстанция айыппұлмен алмастырды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / freekazakhs

Фото: Instagram / freekazakhs

Cоттың хабарлауынша, кеше, 29 сәуірде Алматы қалалық сотында аппеляциялық тыңдалым өтті. Судья бес күнге қамауға алынған Роман Захаровтың жазасын 5АЕК айыппұлмен алмастырды, яғни бүгінгі күні 12 625 теңгені құрайды.

Медеу ауданы прокурорының өтініші бойынша әкімшілік соттың қаулысы өзгертілгені хабарланды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетсек, кеше әлеуметтік желіде алматылық Роман Захаров Әл-Фараби даңғылының бойында "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" деген плакат ілгені үшін ұсталғаны тарап кетті.

Кейінірек жас жігіттің бес күнге қамауға алынғаны айтылды.

Сотта белсендінің қоқыс тастағаны үшін, "Кішігірім бүзақылық" бабы бойынша қамалғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel