RU
GGG "Канеломен" кездесуге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Калейдоскоп

GGG "Канеломен" кездесуге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин "Канеломен" жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

WBC/WBA/IBF санаты бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареспен өтуі мүмкін үшінші кездесу жайлы айтты.

GGG қазір екі боксшының да тиімді позицияда екенін, алдағы уақытта үшінші жекпе-жек ұйымдастырылса, керемет кездесу болатынын алға тартты.

Головкиннің сөзінше, ол "Канеломен" шаршы алаңға шығудан бас тартпаған.

"Мұндай болған жоқ. Мен бас тартқаным туралы бірінші рет естіп тұрмын. Мен біздің үшінші кездесу өтеді деп үміттенемін", -деді ол.

Одан бөлек, GGG атақ үшін емес, үздік боксшылармен үздік кездесулерде өнер көрсету үшін жұдырықтасатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel