RU
Жалдамалы пәтерде жүрген Абай Бегей зәулім үй салатынын айтып мақтанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жалдамалы пәтерде жүрген Абай Бегей зәулім үй салатынын айтып мақтанды

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы екінші рет шаңырақ көтеріп, ұлды болған Абай Бегей тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ақтаудан Алматыға келіп, пәтер жағалап жүрген әнші енді жер телімін алып, зәулім үйдің құрылысын бастамақ деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол жер телімін 5 млн теңгеге сатып алған.

"Бұйыртса, үйге кірісіп кеттім. Негізі өмірімде үй салып көрмедім. Енді алдағы уақытта жер үйде тұрсақ деген арманымыз бар. Жер алған болатынбыз. Қазір бастап жатырмыз.

Көршілерім "Өнер қырандарындағы" Жанболат Найзабеков, Әбдіжаппар Әлқожа, Зайыр Бегалы секілді біраз жігіттер бар.

Жер қатты қамбат емес. 5 млн теңге. Өте қиын. Енді бастағалы жүрміз. Енді оған көп қаражат керек.

Бір жағынан қорқыныш бар. Үйдің құрылысына, қаладағы төрт бөлмелі үйдің бағасы кетеді деп отырмыз.

Мен негізі Алматыдан әлі үй алған жоқ едім. Негізгі үйіміз Ақтауда. Қыздарымыздың бәрі осында болғандықтан, ниеттеніп жер үй салайын дедім", - дейді әнші.

Абай Бегей тапқан табысының көбі пәтер ақысына кететінін де жасырмады.

"Алматыда үй жалдау арзан емес. 200 мың көлемінде. Осы уақытқа дейін Ақтаудағы үйімді сатып, Алматыдан үй аламын деп ойладым", - деді Абай Бегей.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейге 16 жас кіші келіншегі биылғы жылы ұл сыйлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel