RU
Нұрболат Абдуллиннің әніне секіре билеген әйел сахнада құлап қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нұрболат Абдуллиннің әніне секіре билеген әйел сахнада құлап қалды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Нұрболат Абдуллиннің концертінде болған оқыс оқиғаның видеосы тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram, apkpure.com

Фото: Видеодан кадр/ Instagram, apkpure.com

Видео @toiduman_kz парақшасында жарияланған.

Желіде желдей ескен бейнежазбада сахнада ән салып тұрған Нұрболат Абдулиннің жанына барған келіншекті байқауға болады.

Ол әншінің көңілді әніне секіре билеп шығып, сахна төрінде құлап қалған.

Алайда, бұл келіншектің көңіл-күйін түсіруге әсер етпеген секілді. Өйткені, жүзі шаттыққа толы тыңдарман сол жерде қайта тұрып, биін жалғастырып кетті.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әйелге барынша қолдау білдірген.

"Байқамай қалған ғой, күшті билеп тұр", "Көңіл көтергенде тұрған не бар", "Оның несі айып", "Ұялатындай әдейі істеген жоқ", "Сүйікті әншісін көріп, қуанып кетті", -деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
10
3
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel