RU
Салтанат Бақаева ипотекаға алынған үйдің қарызын 15 жыл бойы төлемекші
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Салтанат Бақаева ипотекаға алынған үйдің қарызын 15 жыл бойы төлемекші

Рассказать Вконтакте

Салтанат Бақаева мемлекеттік бағдарламамен екі бөлмелі пәтер алғанын айтты. Әнші енді 15 жыл көлемінде ипотека төлейтінін жасырмады деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, пәтер оған жұмысына байланысты берілген.

"Үкіметтің мемлекеттік бағдарламасымен алынған пәтер. Менің жұмысыма байланысты алынған пәтер. Үкіметке қарызбыз.

Менің пәтерім деп қатты айтып кеттім. Ақырындап жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Интерьерді жөндеуге кірісіп жатырмыз.

Жолдасым екеуміз қарапайымбыз, бәрін өзіміз, ақырындап... Негізі құрбымның дизайнер жолдасы көмектесті. Басты жобаны көрсетті. Сол көрсетумен ақырындап жұмыс істеп жатырмыз", - деп ағынан жарылды әнші.

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы енді бірнеше жыл бойы несие төлеуге міндеттелген.

"Қарыз деген кетті ғой. 15 жылдай. Алла қаласа... Екі бөлмелі, кішігірім пәтер. 65 шаршы-метр. Біз бөлек шықпаймыз. Өйткені, жолдасым үйдің жалғызы, кенжесі. Сондықтан бөлек шықпаймыз", - деді Салтанат Бақаева.

Салтанат Бақаеваның әндерін "Музыка Нур" қосымшасында тындаңыздар>>

Премиум қол жеткізуді Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін алыңыз. Толығырақ>>>

Сіздің реакцияңыз
11
1
2
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel