RU
Чехия құрамасының футболшысы жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар Спорт

Чехия құрамасының футболшысы жол апатынан көз жұмды

Рассказать Вконтакте

"Аланьяспор" мен Чехия құрамасының ойыншысы Йосеф Шурал клубтың автобусымен Түркияда апатқа ұшырап, қайтыс болды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Футболшылар қарсыластарының үйінде өткізген ойыннан кейін автобуспен кері жол тартқан.

Олар мінген көлік Аланияға жақын жерде тас жолдан шығып кетіпті.

Апаттан жеті футболшы зардап шеккен.

"Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, автобуста екі жүргізуші болған. Бірақ екеуі де апат алдында ұйықтап кеткен", - деді "Аланьяспор" клубының президенті Хасан Чавушолу.

Автобуста барлық команда ойыншылары болмаған. Футболшылардың көбісі ұшақпен ұшып кетіпті.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel