Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленем деп айта алмаймын": Тәуекел Мүсілім жаңа сүйіктісі жайлы мәлімдеді

Опубликовано:

Танымал актер Тәуекел Мүсілім жаңа ғашығы туралы көпшілікке мәлім етті. Өнер иесі ғашығының есімін атап, онымен қалай танысқанын да айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер жеке өміріндегі құпияны "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында баяндаған.

"Кездесіп жүрген сүйіктім бар. Бірақ кім, қайдан ол жағын айтпай-ақ қояйын. Осыған дейін айтқанға көз тиді ме, орындалмай қалған сәт болды. Есімі - Айтұрған. Желіде жазба жариялап, көрсеткен емеспін. Біраз insta-stories-те көрсеткенім бар.

Заманауи түрде, желіде таныстық. Жалпы өте жақсы қыз.Өзімнің көңілімнен шығады. Оқыған-тоқыған. Дегенмен, үйленеміз бе, ары қарай жалғасады ма, бір Алла біледі. Анаммен таныстырдым.

Бірақ, үйленетін жоспар жоқ. Сондықтан қатты асыққым келмейді. Қазір ол қызға нақты үйленем деп айта алмаймын", - деді Тәуекел Мүсілім.

Сондай-ақ, әнші алдағы екі жыл көлемінде отбасын құрып, шаңырақ көтеру ойында жоқ екенін де жеткізді.

"Бір жағынан бұйырғаны болады деп айтамыз. Екінші жағынан өзім ойлаймын, бір-екі жылдай жеке өміріме үзіліс беріп, оқумен айналысамын. Өз-өзімді шыңдап, шетелге барып оқу оқысам деп ойлаймын. Екі жыл ішінде жоспарлаған жоқпын. Үйдегі анама да, жақындарыма да "асықпаңыздар" деп айтып қойдым", - дейді Тәуекел Мүсілім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791751-jlenem-dep-ajta-almajmyn-tuekel-msilim-zaa-sjiktisi-zajly-mlimdedi/

pixel