Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушы кезіндегі суретін жариялаған Ақбота Керімбекова желіні жарды (фото)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова желі қолданушыларына мектеп кезіндегі суретін көрсетті. Көпшілік әншінің оқушы болған жылдардағы ерекше стиліне таңғалып, қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы оқушы кезіндегі суретін өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Онда Ақбота бір өзі ғана емес, сыныптастарымен бірге орындықта отырғаны көрініс тапты.

"Мына суретті кластастарым жіберіпті. Не деген отырыс. Очки ше? Күндеріңіз сәтті болсын" , - жазған Керімбекова.

Желідегілер суретте танымал әншіні бірден тани қоймаған. Көпшілік оның сол кездегі ерекше киім талғамына таңырқап қалды.

Бүгінде ел алдына тек қана әдемі көйлектермен шығатын әнші оқушы кезде мүлде басқа болған.

"Сізді танымай қалдым. Міне қызық", "Қандай мүлде басқа болғансыз?" ,"Мықты, мына кезіңізде нәзіктігіңіз жоқ", "Отырысыңызды айта алмаймын енді. Көзілдірік тіптен жарасып-ақ тұр" , "Сізді мынадай кейіпте көрген бір түрлі екен" , - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791758-okusy-kezindegi-suretin-zarialagan-akbota-kerimbekova-zelini-zardy-foto/

pixel