RU
Ержан Максимнің әкесі: Ұлым енді тойларға шығып, өнер көрсетпейтін шығар
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ержан Максимнің әкесі: Ұлым енді тойларға шығып, өнер көрсетпейтін шығар

Рассказать Вконтакте

Ресейлік Бірінші арна ұйымдастырған "Голос. Дети" танымал шоуында екінші орын алған Ержан Максимнің әкесі жергілікті Уральская неделя басылымына сұқбат берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әзірге ұлы анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында екен. Бірақ жақында олар Оралға келуі қажет.

Ресейде өткен телевизиялық байқауда қазақстандық талант үлкен танымалдыққа ие болып, ресей шоу-бизнес жұлдыздарының арасында да беделі қалыптасты.

  • Ержан Максим қалалық № 34 мектептің 6 сыныбында оқиды. Оған енді қалып қойған сабақтарын қуып жету керек.

Баланың әкесі Ерболдың пікірінше, бағдарламаға қатысқаннан кейін Ержан тойларда өнер көрсетпеуі мүмкін.

Ол ұлының кішкентай күнінен тойға шығып, ақша тапқанын жасырмады.

Ержанның әкесі - таксит, анасы - жұмыссыз.

Ерболдың айтуынша, баласының шығармашылығымен анасы айналысады екен. Ол талантты ұлынан бөлек екі қызы бар екенін жеткізді.

"Ержан алты жасынан үйлену тойларында ән айтады. Ол кез келген жерде, күні бойы ән шырқайды. Ол менің көлігімде отырып әндеткенде, денем тітіркеніп кетеді... Кейде дауысын қатты шығарғанда, мен оған "Ержан тоқта", - деймін. Ол дауысын құртып алады ма деп қорқамын", - деді Ербол.

Әкесі Ресейдегі "Голос. Дети" шоуына Ержанның тойдан жинаған қаражатымен барғанын мойындады 

"Костюм алу керек болды. Мәскеуде тұрғанының өзіне көп қаражат керек болды. Мен облыс әкімі Алтай Көлгіновке барып, көмек сұрадым. Ол кісі демеуші тауып берді", - деді Ербол. 

Әкесінің сөзінше, олар Мәскеуден елге қайтпақ болғанда атақты әртістің Ержанмен кездескісі келетіні туралы хабар түсіпті.

Бірақ кім екенін білмегенін айтты.

Кейінірек Алла Пугачева екені белгілі болған.

"Алла Пугачева біздің баламызға "Ержан, сен әлемдік деңгейдегі үлкен әртіс боласың" деп айтыпты", - деді Ербол. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel