RU
"Кетпеші деп жалындым": Әйелі өзгеге ғашық екенін білген азамат мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Кетпеші деп жалындым": Әйелі өзгеге ғашық екенін білген азамат мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Әйелінің төрт-бес жылдан бері басқаға ғашық екенін білген азамат жан сырын ақтарды. Екі бала сыйлаған жұбайын қатты сүйетін ол ажырасқым келмейді дейді. Бұл туралы "Алаш айнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Ер адамның айтуынша, ол өзіне жұбайы салқын қарайтынын іштей сезіп жүрген.

"Жақында жұбайым екеуміз сөйлесіп отырғанда ол маған басқа біреуге ғашық екенін айтты. Мен оның өзіме деген салқындығын сезетінмін, бірақ өзгені сүйеді деп ойламаппын. Ол басқа жанға 4-5 жылдан бері сырттай ғашық екен. Ал екеуміздің арамызда екі баламыз бар. Олар әлі кішкентай.
Сонымен жанымдағы жарымнан осындай сөздер естіген соң ажырасамыз деп шештік. Бірақ түнімен ойланып, таңертең оған мені тастап кетпеші деп жалындым. Себебі өзін де қимаймын, жақсы көремін, әбден бауыр басып қалған екенмін. Балаларды да ойлаймын. Олар өз туған әкесінен кетіп, басқа кімге керек? Далада қала ма деп қорқамын", -деп жазған ол.

Өзін сабырлыққа шақырған азамат балалары үшін бәріне көз жұмғысы келетінін айтты.

"Әйелім мені сүймейді. Бірақ балалар бөтен адамдармен бірге тұрғанын қаламаймын. Сол үшін шыдап отырмын. Келіншегім маған шынын да, сырын да айтқанына өкініп отыр. Егер ары қарай бірге тұрсақ, бетіңе қалай қараймын дейді. Мен оған ешқашан бетіңе баспаймын деп сөз бердім. Ол да менен кешірім сұрады, мен одан тек отбасымызды бұзбауын өтіндім. Ол маған тағы да бала туып беремін деді.
Шынымды айтсам, өзін қатты сүйемін. Намыстанып қуып жіберейін десем, балаларды алып кетеді, өзіме де оларсыз өмірдің еш мәні жоқ секілді. Балаларым да мені жақсы көреді, кішкентай болса да олардың біздің ажырасқанымызды қаламайтынын білемін. Бірақ өмір бойы осындай жарамен журе алмайтын сияқтымын. Одан да ажырасып, біраз уақыт қиналып, уақыт өте келе өз өзіме келермін деп те ойлаймын", -деді ер адам.

Әбден басы қатқан еркек алдағы уақытта не боларын уайымдап жүр.

Сіздің реакцияңыз
13
2
5
7
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel