RU
Зеленскийдің Түркиядағы демалысына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Зеленскийдің Түркиядағы демалысына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский отбасымен бірге Түркияда үш күн демалып қайтты. Шоумен дауыс беру нәтижесі шыққан соң, бірден демалысқа аттанған. Жаңа мелмекет басшысы тоқтаған қонақ үйдің қызметкері танымал отбасының демалысына қанша қаржы жұмсағанын айтып берді деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский Туркияда. Фото: aa.com.tr

Владимир Зеленский Туркияда. Фото: aa.com.tr

Владимир Зеленский отбасымен бірге Бодрумдағы бес жұлдызды қонақ үйге орныққан. Анықталғандай, оның сол жерде үш күн бойы болуының өзі 30 мың долларды құрауы мүмкін. Ал ұшақпен ұшып келу мен қайту шамамен 33 мың доллар болмақ. Мұны Украина президенті демалған қонақ үйдің қызметкері мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі таңда Түркияда президенттік вилланы бір тәулікке жалға алу он мың долларды құрайды. Алайда, жазда бұл сома үш есе өсіп кетеді екен.

Бөлмелерді тіркеу бөлімінің өкілі қазіргі таңда стандартты виллалар төрт адамға шаққанда аптасына 15 мың доллар тұратынын хабарлады. Қарапайым бөлмелер өз кезегінде 4,5 мың долларға бағалануда.

Қонақ үй қызметкерінің айтуынша, бөлменің бағасы клиент пен онымен арадағы келісімге тікелей байланысты.

Зеленский ұшып барған Turkish Airlines әуекомпаниясы бизнес-класспен Киевтен Бодрумға және қайтадан артқа қайту төрт адам үшін 2500-3000 доллар болатынын айтты.

Украина басшысы 29 сәуір күні еліне оралды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel