RU
Алматыда полицейлер ерекше нөмірлі "Гелендвагеннің" тонировкасын алып тастады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда полицейлер ерекше нөмірлі "Гелендвагеннің" тонировкасын алып тастады

Рассказать Вконтакте

Алматының Алатау ауданы жол-патрульдік полициясының қызметкерлері "Мерседес Гелендваген" маркалы көлігінің терезесіндегі "тонировкасын" алып тастады деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жол талғамайтын көліктің 29 жастағы жүргізушісі, Алматы қаласының тұрғыны Юсупов И.И. кінәсін бірден мойындаған.

Ол алдыңғы тезелерін қараңғылап алыпты.

Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

"Жол талғамайтын көлік Момышұлы көшесімен солтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Жүргізуші бірден кәнісін мойындап, "тонировканы" сол жерде инспекторлармен бірге алып тастады. Оның үстінен хаттама толтырылды.
Үлкен жол ережесін бұзған жағдайда көлік айыппұл тұрағына жіберіледі. Жүргізушіге әкімшілік заң бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 590 бабы 5 тармағы бойынша айыппұл салынды. Онымен заң бұзушылықтың алдын алу жөнінде сұқбат жүргізілді", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ЖПҚ жол-патрульдік полициясы полкінің командирі полиция полковнигі Манап Саттаров.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel