Выйти
RU

Алсу қызының жеңісіне қатысты даудан кейін алғаш рет ел алдына шықты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік әнші Алсу қызының "Голос.Дети" байқауындағы жеңісіне қатысты даудан кейін алғаш рет ел алдына шықты. Көпшілік Микелла Абрамованың бас жүлдені әділ жолмен алмағанын айтып, шоу-бизнес жұлдызының отбасын желіде аяусыз сынға алған болатын деп жазады 7days.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қызының музыкалық жобадағы жеңісінен кейін Алсу әлеуметтік желілерден алыстап кетті. Әнші қызын тіпті Instagram парақшасында құттықтамады. Оған қоса, әнші желіде пікір қалдыру мүмкіндігін де шектеп тастаған.

Жұрт назарынан тыс қалған Алсу даулы оқиғадан кейін алғаш рет ел алдына шығуды жөн көрген. Әнші ЮНЕСКО істері бойынша ресейлік комиссия отырысына қатысқан. Онымен бірге аталмыш шарада өнердегі құрбысы Зара да болған.

Ол өз кезегінде, жиын кезінде Алсумен түскен суретін желіге жариялап жіберген. Зара салған суреттің астында санаулы минуттарда керағар пікірлер толастап кетті.

Көпшілік Алсудан қызының жеңісіне қатысты пікір білдіруді талап етуде. Олар жұлдыздың үнсіз қалып отырғанына шүйлікті. Кейбір желі қолданушылары әншінің дауыстарды қайта есептеу үрдісі аяқталған соң, бір-ақ мәлімдеме жасайтынын болжады.

Айта кетейік, музыкалық жобада әнші Алсудың қызы жеңіп кеткені желіде үлкен дауға ұласты. Көпшілік нағызжеңімпаз деп қазақстандық Ержан Максимді атады.

Тіпті, бірқатар ресейлік жұлдыздар жеңіс қазақ баласына тиесілі болу керектігін баса айтқан. Отандық шоу-бизнес өкілдері де Ержанға қатысты әділетсіздік орын алғанын мәлімдеп, оған барынша қолдау білдірген.

Қазақ баласының даусына тәнті болған Алла Пугачева оған ерекше алқа сыйға тартқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алсу қызының жеңісіне қатысты даудан кейін алғаш рет ел алдына шықты (фото)