RU
"Талай тексерді": Роза Рымбаева әуежай қызметкерлеріне деген өкпесін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Талай тексерді": Роза Рымбаева әуежай қызметкерлеріне деген өкпесін айтты

Рассказать Вконтакте

Таяуда әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамбілінің жетекшісін тығырықа тіреген жайсыз жағдайды Роза Рымбаева да бастан өткерген. Екі күннің бірінде ұшақпен ұшатын әнші әуежай қызметкерлерінің әрекетін ашық айтып берді деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Елдің көзінше халық әртісін шешіндіріп, аяқты шұлыққа дейін тексерген біраз ыңғайсыз енді, шынымды айтсам. Мені талай солай тексерді. Екі күннің бірінде ұшақпен ұшамын.
Бірақ сонда да "аяғыңызды шешіңіз", "костюмді, көзілдірігіңізді шешіңіз". Сосын мен "Қыздар, мен көзілдіріктің ішіне бомба тығып қойған жоқпын ғой" деп айтсам да, болмайды", - деп ағынан жарылды Роза Рымбаева.

Естеріңізге сала кетейік, "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
10
1
1
3
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel