RU
"Төсектен ине шықты": Қайын әпкесі дуалап тастаған алматылық келіншек жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Төсектен ине шықты": Қайын әпкесі дуалап тастаған алматылық келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Алматылық ерлі-зайыптылар бес жылдан астам уақыт бойы бала сүйе алмай жүр. Келіншектің айтуынша, оған себеп – туған қайын әпкесінің өзін дуалап тастауы екен. Әйел адам KAZ.NUR.KZ тілшісіне жан-сырын ақтарды.

Көрнекі фото: zagovormaga.ru

Көрнекі фото: zagovormaga.ru

Алматылық келіншектің сөзінше жолдасы екеуі бес жылдан астам уақыт бойы бала сүйе алмай жүр екен. Келіншек мұның басты себебі – туған қайын әпкесінің дуалап тастауы деп отыр.

"Жарыммен студент кезімізден бастап таныспыз. Екі жыл жүріп, отбасын құрамыз деп шештік. Бірақ жолдасымның ата-анасы ерте қайтыс болып кеткендіктен, жұбайым кішкентайынанәпкесінің бауырында өскен. Тұрмыс құрған, үйлі-баранды адам болғандықтан, мені жылы қабылдайды деп ойладым.

Бірақ бәрі керісінше болып шықты, мені бірінші күннен-ақ жақтыртпай, тіпті күйеуімді "маған үйленбе, бұл қыз ұнамады, басқа қызбен таныстырамын" деп көндірмек болыпты.

Оның бәрін тұрмысқа шыққаннан соң, кейін білдім. Сөйтіп үйлендік, тойымыз ұлан-асыр болмаса да, өз күшімізбен жасап шықтық. Бірақ арамызда бала болмады. Көп дәрігерлерге де, бақсы-балгерлерге де бардым. Бәрінің айтатыны – қайын әпкем қарғап, дуалап тастаған дейді.
Бастапқыда сенбедім, бірақ жатын бөлмедегі төсегімізден ине тапқанда, айтқандары рас екеніне сене бастадым. Қазір жолдасым екеуміздің арамыз күннен күнге суып барады. Алдағы өмірім не болатынын білмеймін", - дейді келіншек.

Әйел адам бүгінде ажырасу жайлы ойлап жүргенін де айтып қалды.

"Негізі ол да, мен де оны бір-бірімізді әлі күнге дейін жақсы көреміз. Жолдасым тек әпкесінің қысымына шыдамай жүр. Қайын әпкем тіпті оған таныстыратын қыз да тауып қойған.
Дәрігерлер балаларың болады, асықпаңдар деп отыр. Әлде жасанды ұрықтандыру арқылы бала әкелемін бе? Мені сыйлайтын, өзім жақсы көретін жолдасымнан айырылып қалғым келмейді, отбасымды қалай сақтауым керек", - дейді келіншек.
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
8
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel