RU
Бес жасар оқушыны тепкен мұғалім камераға түсіп қалған (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бес жасар оқушыны тепкен мұғалім камераға түсіп қалған (видео)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Канзас шататында 5 жасар қыз мектептен үйіне дене жарақаттарымен келген. Кішкентай бүлдіршін оны ұрып-соққан қатал мұғалімі үшін енді сабаққа барғысы келмейтінін айтқан деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Шони қаласының тұрғыны 5 жасар қызын соққыға жыққан мұғаліммен жүздесуге барғанда, ол балақайдың кітап қоятын сөреге шығып, сол жерде жарақаттанып қалғанын айтқан.

Қыздың анасы сабасына келгенімен, кітапханада камералардың барын және ондағы бейнежазбаны көруге болатынын біліп қойған.

Кадрда бейнеленген іс әрекеттер әйелді есеңгіретіп тастады. Мұғалім қызды сөреден жұлып алып, жерге құлаған баланы аяғымен тепкен.

Анықталғандай, мұғалім жұмыстан шығарылған. Дегенмен қыздың анасы мұндай мұғалімді заңды түрде жазалау керек екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel