RU
20 жылдан бері көзіндегі ісікпен жүрген қарағандылық ару халықтың көмегіне зәру

20 жылдан бері көзіндегі ісікпен жүрген қарағандылық ару халықтың көмегіне зәру

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық Үміт Ахан туғанынан көздің қатерсіз ісігі (ред. лимфангиома) дертімен күресіп келеді. Жергілікті дәрігерлерден көңілі қалған 20 жастағы бойжеткен корей еліне барып, емделсем дейді. Арманы көп жас бойжеткеннің жан-сырын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Тоғызқұдық ауылында дүниеге келген жиырма жастағы Үміт Ахан кішкентайында дәрігерлердің көзіндегі дертті байқамағанын алға тартты.

"Туған кезімде дəрігерлер көзімде ақау жоқ, ештеңе етпейді деп қарамаған екен. Кейін ісіп кеткен соң көмектесе алмайтынын айтқан. Қазіргі жағдайым жақсы, бірақ лимфангиома (ред. көздегі қатерсіз ісік) болғандықтан, кез келген уақытта бетім ісіп ауырамын.
Бетім іси берген соң, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларында бірнеше ота да жасаттық, алайда олардың ешқайсысынан нәтиже шықпады. Дәрігерлер қолымыздан келмейді, емделмейді дегенімен, көзімнің жарықты сезетіні маған үміт сыйлайды", - дейді ару.

Жиырма жастағы бойжеткеннің әкесі ауылда мектепте күзетші болып жұмыс істесе, анасы үшінші топтағы мүгедек екен. Ал отбасында жалпы жеті ағайынды.

"Жергілікті дәрігерлер үміт бермегендіктен, құжаттарымды басқа елге жіберіп көрдім. Осылайша Оңтүстік Кореяның "Seoul St.Marys hospital" атты клиникаларының бірінен емдеуге болады деген жауап келді. Олар егер лимфангиома қайталанбайтын болса, бірден көзге ота жасайды деп отыр. Себебі көздің дамымай қалғаны болмаса, қозғалады және жарықты да сезеді", - дейді бойжеткен.

Бүгінде емге қажет қаражат 7 миллион теңгені құрап отыр. Десе де шетелдік дәрігерлер науқастың жағдайына байланысты тағы да қомақты қаражат қажет болуы мүмкін деген.

"Қазір 3 500 000 тг жиналды, барған соң 7 миллион теңгеден бөлек емге тағы да қаржы керек болуы мүмкін. Сол себепті барлық қазақстандықтардан көмек сұрауға мәжбүрмін. Үмітімді үзбей, бір көзім аурудан құлан таза айықса екен деген ниетім бар", - дейді жас ару.

Үміт Аханға көмек қолын созамын дейтіндер келесі карта номеріне ақша аудара алады:

ИИН: 991106450442

Каспи Голд: 5169497148791175

Qiwi: 8747 339 57 99

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
8
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel