RU
Алматы облысында 16 жастағы оқушы асулы күйде табылды

Алматы облысында 16 жастағы оқушы асулы күйде табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Талғар ауданында 9 сынып оқушысы асылып қалды. Қайғылы жағдай Қызылқайрат ауылында болған деп хабарлайды аудандық білім бөліміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Талғар ауданында 9 сынып оқушысы асылып қалды

Талғар ауданында 9 сынып оқушысы асылып қалды

9 сынып оқушысы кеше түнде (30 сәуір) өз үйінде асылып қалған.

"2003 жылы туған оқушының өз үйіндегі ағашта электр сымына асылып қалғанын алдымен анасы көрген. Ата-анасының айтуынша, ол анасының компьютер ойнама деген ескертуіне ашуланған. Түнгі сағат 12:30 кезінде оны анасы сабырға шақырып, аулада ашулы жүрген баласын үйге кіргізген. Бірақ он минуттан соң оның асылып тұрған жерінен шешіп алған. Жеткіншек оқу үлгерім орташа, бірақ мектептің мәдени ісіне белсене араласатын оқушы болған", - деді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Құрманбаева.

Алматы облыстық ПД өкілдері 16 жастағы оқушының өліміне қатысты деректі растады.

"Оқиға сәуір айының 29-нан 30-на қараған түні орын алған. Жасөспірімнің өз-өзіне қол салу дерегі ресми тіркелді. Қайтыс болған баланың жақындарына жазып қалдырған хаты бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Айта кету керек, ювеналды полиция өз тарапынан осы дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастыруда", - деді Алматы облыстық Полиция Департаментінің ресми өкіл Серік Үпиев. 
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel