RU
Қытайда канадалық азамат тағы бір тұрғын есірткі үшін өлім жазасына кесілді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қытайда канадалық азамат тағы бір тұрғын есірткі үшін өлім жазасына кесілді

Рассказать Вконтакте

Қытайлық сот есірткі үшін канадалық ер азаматты өлім жазасына кесті деп хабарлайды rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: yerkir.am

Фото: yerkir.am

30 сәуір күні сот Гуандун провинциясының оңтүстік-шығысында Канада азаматы Фан Вэй мен қытайлық У Цзыпинге өлім жазасын тағайындады.

Бұдан бөлек, олардың жеке меншігі тәркіленді.

Тергеу барысында 63,8 келі метамфитамин мен 365,9 грамм диметиламфетамин табылды.

Сот мұндай мөлшердегі есірткіні көлемді деп тапты. Соттың пікірінше, қылмыскерлер есірткі өндірісін ұйымдастырып, трансшекаралық контрабанда бойынша операцияларға басшылық жасаған. Сондай-ақ, аталған іс бойынша АҚШ пен Мексика азаматтары өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын алғаны да атап өтілді.

Қытайда есірткі қолдану заңмен қудаланады. Кейбір құқық бұзушылық үшін өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Каннабисті өсіру - бес жылдан астам уақытқа бас бостандығын айыру және айыппұл салумен жазаланады.

Бұл бір жыл ішінде Қытайда канадалық азаматқа өлім жазасы тағайындалған екінші оқиға. 2019 жылдың қаңтар айында Қытайдың Далянь қаласындағы (Ляонин провинциясы) сот Роберту Ллойд Шелленбергке есірткі контрабандасы үшін осындай жаза тағайындағаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel