Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Африка Республикасында екі мыңға жуық адам шахтада қамалып қалды

Опубликовано:

Оңтүстік Африка Республикасында платина өндіретін шахтада екі мыңға жуық адам қамалып қалды деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, кен орынының шығатын жолдарын рельс басып қалыпты.

"Біз шахтаны тексеріп, қамалып қалған қызметкерлерді сыртқа шығаруымыз қажет. Рельстің қаншалықты зиян келтіргенін анықтап, олқылықтың орынын толықтыруымыз керек", - деді кен орынының басшысы Джеймс Велстед.

Оның сөзінше, қамалып қалған шахтерлер сумен және тамақпен қамтамасыз етілген.

Әзірге төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791969-otstik-afrika-respublikasynda-eki-myga-zuyk-adam-sahtada-kamalyp-kaldy/

pixel