RU
1 мамырда Қазақстанның бес қаласында санкцияланбаған митингілер өткен
Жаңалықтар Қоғам

1 мамырда Қазақстанның бес қаласында санкцияланбаған митингілер өткен

Рассказать Вконтакте

1 мамырда Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында Бас прокуратураның ресми хабарламасына қарамастан, санкцияланбаған митингілер мен азаматтардың жиналуы орын алды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өтті

Фото:Видеодан скриншот

Акцияға қатысушыларға өздерінің ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да проблемалық мәселелер бойынша пікірлерін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік берілді.

Дегенмен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналған бірқатар азаматтар өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған "ДВК" экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Осыған байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірді.

Сондай-ақ, онда жекелеген азаматтардың заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбағандығы, содан кейін полицияның күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданғандығы айтылған.

"Нәтижесінде елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 азамат жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілетін болады.
Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа берілмеуге және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға шақырады", - делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде.
Сіздің реакцияңыз
35
2
0
4
2
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel