RU
Танымал модель алғаш рет әйгілі журналдың бетіне мұсылман купальнигімен шықпақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Танымал модель алғаш рет әйгілі журналдың бетіне мұсылман купальнигімен шықпақ

Рассказать Вконтакте

Әйгілі Sports Illustrated журналының келесі саны хиджаб киетін модельдің суреттерімен жарыққа шықпақ. Әдетте жартылай жалаңаш қыздарды ғана түсіретін басылым, бұл жолы мұсылман купальнигін киген аруды басты бетіне шығаруды жөн көрген деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш журнал үшін бұл тарихи жағдай. Себебі, бұған дейін арнайы мұсылман қыздарға арналған жабық купальник киген модельдер басылымда болмаған.

Мінсіз мүсінді сылқымдарды ғана суретке түсіретін Sports Illustrated өз бағытына өзгеріс енгізіп, келесі саны үшін хиджаб киетін модельді таңдаған.

Мұсылман модель Халима Аден әйгілі журналдың бас бетінде буркини деп аталатын арнайы жабық су киімімен түскен.

21 жастағы арудың қатысуымен болған мұндай фото түсірілім 65 жылдық тарихы бар басылымда алғаш рет орын алды.

Буркини — арнайы мұсылман қыздарға арналған суға түсу киімі. Ол екі бөліктен тұрады: денеге жабысып тұратын костюм мен дене пішіндерін жасыруға арналған туника.

Сомалиялық сылқым Кениядағы босқындар лагерінде туған. Бұл тарихи фотосессияға ол туған жеріне арнайы барып түскен.

Халима Аден АҚШ-қа жеті жасында көшіп келген. Ол ешқашан өз туған жерін ұмытқан емес.

Бастапқыда, Халима өзінің хиджаб киетіні үшін модельдік бизнесте мұмкіндігі жоқ деп ойлаған. Алайда, уақыт өте келе елдің көзқарасы өзгеріп, бүгінде ол америкалық сән саласында аса сыйлы әрі танымал модельдердің біріне айналды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
2
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel