RU
Бетперде киіп, супертмаркет тонаған ұрылар видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бетперде киіп, супертмаркет тонаған ұрылар видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Бішкектің 12 ықшам ауданының "Супер Арзан" дүкеніне бетперде киген екі қарулы адам шабуыл жасады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бішкекте супертмаркетті тонаған ұрылар іздестірілуде (видео)

Фото: Видеодан скриншот Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тонау 27 сәуірден 28 қараған түні шамамен 00:30 кезінде болған. Камуфляж бен бетперде киіп, тапанша ұстаған белгісіз тұлғалар супермаркетке кіріп, кассир мен күзетшіні қорқытып, ақшаны алып кеткен.

Тонаушылар 35 мың сомды қолды еткен.

Аталмыш іс Қырғызстанның бірегей реестріне қылмыстық кодекстің 202 бабы "Тонау" бойынша тіркелген.

Қылмысты ашу үшін Бішкек МІІБ, ІІМ криминалдық полиция қызметінің білікті мамандарынан арнайы топ құрылды.

Күдіктілердің тұлғасын анықтау шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel