RU
Төреғали ұлының бесік тойы мен қызының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Төреғали ұлының бесік тойы мен қызының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлі жақында дүниеге келген ұлының бесік тойы мен кенже қызының тұсаукесерін қатар өткізді. Әншінің шаңырағындағы дүбірлі тойға шоу-бизнес өкілдері түгел дерлік жиналған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлы дала баласының қуанышына жиналғандар қатарында Майра Ілиясқызы, Асанәлі Әшімов, Жазира мен Жанболат, Мейрамбек Бесбаев, Роза Әлқожа, Асхат Тарғын бар.

Өнер иелері өздерінің желідегі парақшасына әріптесінің қуанышынан жарыса видео мен суреттерді жариялаған.

Айта кетейік, Төреғалидің кенже қызы Фатиманың тұсауын Асанәлі Әшімов пен Жақсылық Үшкемпіров кескен.

Ал Майра Ілиясқызы мен Қарагөз Сүйлейменова хитменнің қызын ақ мата үстімен жетектеп жүрген.

Әншінің үшінші қызы Фатима өткен жылы дүние есігін ашқан.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында ұлды болған Төреғали атұстарына еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз азан шақырып, ат қойғанын өз парақшасында жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
6
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel