RU
"Қалаулым" қатысушысының кішкентай сәбимен түскен суреті елді таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Қалаулым" қатысушысының кішкентай сәбимен түскен суреті елді таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым" жобасының қатысушысы Мәди Рахымбайдың кішкентай баламен түскен суреті жұртты таңғалдырды. Танымал бағдарламаның бірінші мауысымында бой көрсеткен жігіт жарымен бірге перзентхана алдында тұрған фото жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде жарияланған суреттің астына Мәди Рахымбай арнайы жазба қалдырған.

"Қазақ еліне тағы бір батыр. Альтаир" , - деп жазып қойған Мәди Рахымбай.

Желі қолданушылары оның бұл мәлімдемесіне қатысты екі түрлі пікірде болды. Бірі шынымен Мәдидің әке атанды деп ойлап, оны құттықтауға кірісті. Тағы кейбірі қалаулымдық жігіт қарындасының баласын перзентханадан шығарып алуға барған деп жазды.

Айта кетейік, Мәди Рахымбай "Қалаулым" жобасынан сүйгенін таба алмай ақырында жобадан шыққан болатын. Өмірлік жарын жас жігіт бағдарламадан кейін кезіктірген.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
4
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel